Құрметті қатысушылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде "Сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үй" бағытына қатысуға өтініштердің қабылданғаны туралы хабарлайды. Бағдарлама Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы - "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ арқылы іске асырылады.
Нысан: Райымбек ауданы нысандары бойынша
Тұрғын үй бірліктерінің саны: 2 (бөлінетін пәтерлер саны),
Тұрғын үй түрі: 3 бөлмелі пәтер/үй, максималды ауданы 72,6 ш.м
Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Тіркеуге қою күндері бірдей болған жағдайда, басымдық өтінімді бұрын берген үміткерге — оны ұсыну күні мен уақытына сәйкес беріледі.
Өтініш беру Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады.
Өтініштер "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық дерекқорында кезекте тұрған қатысушылардан ғана қабылданады.
Есепке қою және мәртебені тексеру ресми веб-сайт арқылы жүзеге асырылады: https://orken.otbasybank.kz/.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!