Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңбері аясында "Сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үй" бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңбері аясында "Сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үй" бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

11 қыркүйек 2026

Құрметті қатысушылар!

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде "Сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үй" бағытына қатысуға өтініштердің қабылданғаны туралы хабарлайды. Бағдарлама Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы - "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ арқылы іске асырылады.

Нысан: «Gate City тұрғын үй кешені», орналасқан мекенжайы:Алматы облысы, Алатау қаласы, Қоянқұс ауылы, Квартал 1 көшесі

Тұрғын үй бірліктерінің саны: 5 (бөлінетін пәтерлер саны),

Тұрғын үй түрі 1:

1 пәтер, максималды ауданы 85,80 ш.м

1 пәтер, максималды ауданы 65,60 ш.м

3 пәтер, максималды ауданы 40,10 – 40,90 ш.м

Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Тіркеуге қою күндері бірдей болған жағдайда, басымдық өтінімді бұрын берген үміткерге — оны ұсыну күні мен уақытына сәйкес беріледі.

Қатысушының төлеу қабілеттілігін тексеру жауапкершілігі тұрғын үй құрылысын жүзеге асыратын бірыңғай оператор – "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ-ға жүктеледі.

Өтініш беру Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады.

Өтініштер "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық дерекқорында кезекте тұрған қатысушылардан ғана қабылданады.

Есепке қою және мәртебені тексеру ресми веб-сайт арқылы жүзеге асырылады: https://orken.otbasybank.kz/.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру