Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
"Сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үй" бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

"Сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үй" бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

31 тамыз 2026

Тұрғын үйге мұқтаждар ретінде есепте тұрған құрметті азаматтар!

2026 жылғы «4» қыркүйектен «21» қыркүйекке дейін «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталады.

Аталған бағдарламаны «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ іске қосты және «Отбасы банкі» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырады.

Өтінімдер https://baspana.otbasybank.kz порталы арқылы қабылданады.

Бағдарламаға қатысу үшін жеке кабинетке авторизациядан өтіп, «ҚТК АҚ-ның жалға берілетін тұрғын үйі» бөліміне кіру қажет.

Кімдер қатыса алады?

Бағдарламаға Қазақстан Республикасының азаматтары және қандастар, сондай-ақ Ақтөбе облысында тұрғын үйге мұқтаждар ретінде есепте тұрған тұлғалар қатыса алады.

Бұл ретте облыс аумағында есепке қойылған елді мекенге қарамастан, Ақтөбе облысының кез келген елді мекенінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады.

Бағдарламаның шарттары:

  • Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй;
  • Жалға алу мерзімі: 20 жылға дейін;
  • Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 3,1%;
  • Бастапқы жарна: талап етілмейді;
  • Жалға алу ақысы: 1 шаршы метріне 2 232,64 теңге;
  • Мерзімінен бұрын сатып алу: қалдық құны бойынша мүмкін;
  • Жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін: тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді.

Объектінің орналасқан жері:Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Қарғалы тұрғын алабы, 10/15 үй.

Пәтерлер саны: Барлығы 14 пәтер, оның ішінде:

1- Пәтер түрі: 2 бөлмелі – 9 пәтер, жалпы ауданы 52,3-тен 64,6 шаршы метрге дейін;

2- Пәтер түрі: 3 бөлмелі – 5 пәтер, жалпы ауданы 64,0-тан 72,6 шаршы метрге дейін.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • кемінде 6 ай үздіксіз еңбек өтілінің болуы;
  • төлем қабілеттілігін міндетті түрде растау;
  • өтінімді қарау кезінде қолданыстағы мерзімі өткен берешектің болмауы.

«Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасын «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ іске қосқан.

Толық ақпаратты https://khc.kz/ru/individuals/uslugi/302/920/ сілтемесі арқылы алуға болады.

+7 7172 79 75 75

8 (800) 080-44-48

МАҢЫЗДЫ!

Конкурстық іріктеу аяқталғаннан кейін «Отбасы банкі» АҚ үміткерлердің тізімін қалыптастырып, оны «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-на жолдайды. Бұдан әрі «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ үміткерлердің төлем қабілеттілігін бағалап, жалға берілетін тұрғын үй ұсыну туралы шешім қабылдайды.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру