Қарағанды облысының Шахтинск қаласында «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша пәтерлерге өтінімдер қабылдау басталады | Нысанның орналасқан жері: Қарағанды обл., Шахтинск қ., Молодежная к-сі, 57 үй.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қарағанды облысының Шахтинск қаласында «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша пәтерлерге өтінімдер қабылдау басталады

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша пәтерлерге өтінімдер қабылдау басталады

10 қыркүйек 2026 Нысан коды: 10071

Тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған құрметті азаматтар, 2026 жылғы 11 қыркүйектен бастап 30 қыркүйекке дейін «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталады.

Бағдарламаны «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп іске асырады.

Өтінімді Baspana Market порталында беруге болады: https://baspana.otbasybank.kz

Қатысу үшін жеке кабинетке авторизациядан өтіп, «ҚЖК АҚ-ның жалға берілетін тұрғын үйі» бөліміне өту қажет.

Кім өтінім бере алады?

Қарағанды облысында тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары және қандастар.

Бағдарлама шарттары:

  • Жалға алу мерзімі: 20 жылға дейін
  • Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 3,1%
  • Бастапқы жарна: талап етілмейді
  • Жалға алу құны: 1 шаршы метр үшін 2 189,87 теңге
  • Мерзімінен бұрын сатып алу: қалдық құны бойынша мүмкін
  • Жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді.

Нысанның орналасқан жері: Қарағанды обл., Шахтинск қ., Молодежная к-сі, 57 үй.

Пәтерлер саны – 102, оның ішінде:

1 бөлмелі – 29;

2 бөлмелі – 72;

3 бөлмелі – 1.

Пәтерлер ауданы:

  • 1 бөлмелі –38-44,7 ш.м.
  • 2 бөлмелі – 48,9-68,2 ш.м.
  • 3 бөлмелі – 71,3 ш.м.

Ай сайынғы төлем:

  • 1 бөлмелі –83 215-97 888 теңге
  • 2 бөлмелі – 107 085-149 349 теңге
  • 3 бөлмелі – 156 138 теңге.

Барлық пәтерлер таза әрлеумен беріліп, қоныстануға дайын.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • үздіксіз жұмыс өтілі – кемінде 6 ай;
  • төлем қабілеттілігін растау;
  • өтінімді қарау сәтінде қолданыстағы мерзімі өткен берешектің болмауы;

Толық ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады:

+ 7 7172 79 75 75

8 (800) 080-44-48.

Бағдарлама туралы толығырақ: www.khc.kz

МАҢЫЗДЫ! Конкурстық іріктеу аяқталғаннан кейін «Отбасы банк» АҚ үміткерлердің тізімін қалыптастырып, оны «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ-на жолдайды. Бұдан әрі Компания үміткерлердің төлем қабілеттілігін бағалап, жалға берілетін тұрғын үй ұсыну туралы шешім қабылдайды.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Алаяқтық фактісі (күдігі) туралы хабарлау
Сіз алаяқтарға жеке деректеріңізді бердіңіз, шотты бұғаттау қажет
Сіз алаяқтарға ақша аудардыңыз
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек
Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру