Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру аясында «ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үйі» бағыты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйлерді бөлуге қатысу үшін өтініштер қабылдау туралы хабарландыру

Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру аясында «ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үйі» бағыты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйлерді бөлуге қатысу үшін өтініштер қабылдау туралы хабарландыру

13 қараша 2026

Құрметті Клиенттер!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру аясында «ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үйі» бағыты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді бөлуге қатысу үшін өтініштер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды (бұдан әрі – Бағдарлама).

  • «БҚО, Ақжайық ауданында, Базартөбе ауылдық округі, Базартөбе ауылы, У. Қадырғалиев көшесінде орналасқан екі пәтерлі жеке үй», мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базартөбе ауылдық округі, Базартөбе ауылы, Қадырғалиев көшесі, 19-үй, Нысанның коды 9525.

Нысанды пайдалануға беру күні: 2025 жыл.

  • «БҚО, Ақжайық ауданы, Жамбыл ауылдық округі, Үштөбе ауылы, Бірлік көшесінде орналасқан екі пәтерлі жеке үй», мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жамбыл ауылдық округі, Үштөбе ауылы, Бірлік көшесі, 15А-үй, Нысанның коды 9565.

Нысанды пайдалануға беру күні: 2025 жыл.

  • «БҚО, Ақжайық ауданы, Көнеқеткен ауылдық округі, Көнеқеткен ауылында орналасқан екі екі пәтерлі жеке үй», мекенжайы: БҚО, Ақжайық ауданы, Көнеқеткен ауылдық округі, Көнеқеткен ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 8, 18-үйлер, Нысанның коды 9609.

Нысанды пайдалануға беру күні: 2025 жыл.

  • «БҚО, Ақжайық ауданында, Сарытоғай ауылдық округі, Жанама ауылы, Жамбыл көшесінде орналасқан екі пәтерлі тұрғын үй», мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Сарытоғай ауылдық округі, Жанама ауылы, Жамбыл көшесі, 13-үй, Нысанның коды 9639.

Нысанды пайдалануға беру күні: 2025 жыл.

  • «БҚО, Теректі ауданы, Долинный ауылдық округі, Долинное ауылы, Әуезов көшесінде орналасқан екі пәтерлі жеке үйлер», мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Долинный ауылдық округі, Долинное ауылы, Әуезов көшесі, 7, 54-үйлер, Нысанның коды 9698.

Нысанды пайдалануға беру күні: 2025 жыл.

  • «БҚО, Жәнібек ауданында, Жәнібек ауылы, Қадыр Мырза Әли көшесінде орналасқан екі пәтерлі жеке үйлер», мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылдық округі, Жәнібек ауылы, Қадыр Мырза Әлі көшесі, 2, 3-үйлер, Нысанның коды 9881.

Нысанды пайдалануға беру күні: 2025 жыл.

  • «БҚО, Жаңақала ауданында, Мендешев ауылдық округі, Қыркөпе ауылы, М. Мәметова көшесінде орналасқан екі пәтерлі жеке үйлер», мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Мендешев ауылдық округі, Қыркөпе ауылы, М. Мәметова көшесі, 20/20А, 22/22А, 23А, 24А-үйлер, Нысанның коды 9951.

Нысанды пайдалануға беру күні: 2025 жыл.

  • «БҚО, Қаратөбе ауданында, Саралжын ауылдық округі, Сәуле ауылы, Т. Иманғазиев көшесінде орналасқан екі пәтерлі тұрғын үй», мекенжайы: БҚО, Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылдық округі, Сәуле ауылы, Т. Иманғазиев көшесі, 14А/16А-үй, Нысанның коды 9866.

Нысанды пайдалануға беру күні: 2025 жыл.

  • «БҚО, Казталов ауданында, Казталовка ауылы, Серікқали Жақыпов атындағы көшеде орналасқан екі екі пәтерлі тұрғын үй», мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталов ауылдық округі, Казталовка ауылы, Серікқали Жақыпов атындағы көше, 3, 27-үйлер, Нысанның коды 10043.

Нысанды пайдалануға беру күні: 2025 жыл.

  • «БҚО, Казталов ауданында, Бірлік ауылдық округі, Әжібай ауылы, Саралжын көшесінде орналасқан екі пәтерлі жеке үй», мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бірлік ауылдық округі, Әжібай ауылы, Саралжын көшесі, 12-үй, Нысанның коды 10006.

Нысанды пайдалануға беру күні: 2025 жыл.

  • «БҚО, Бөрілі ауданында, Ақбұлақ ауылдық округі, Ақбұлақ ауылы, Абай көшесінде орналасқан екі пәтерлі жеке үйлер», мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Бөрілі ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі, Ақбұлақ ауылы, Абай көшесі, 24/1, 7-үйлер, Нысанның коды 10013.

Нысанды пайдалануға беру күні: 2025 жыл.

  • «БҚО, Бөрілі ауданында, Ақбұлақ ауылдық округі, Ақбұлақ ауылы, Ақбұлақ көшесінде орналасқан екі пәтерлі жеке үйлер», мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Бөрілі ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі, Ақбұлақ ауылы, Ақбұлақ көшесі, 3, 3/1-үйлер, Нысанның коды 10010.

Нысанды пайдалануға беру күні: 2025 жыл.

  • «БҚО, Бөрілі ауданында, Успеновка ауылдық округі, Жаңаталап ауылы, Балдаурен көшесінде орналасқан екі пәтерлі жеке үй», мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Бөрілі ауданы, Успен ауылдық округі, Жаңаталап ауылы, Балдаурен көшесі, 5, 7/1-үйлер, Нысанның коды 10030.

Нысанды пайдалануға беру күні: 2025 жыл.

  • «БҚО, Бөрілі ауданында, Қарақұдық ауылдық округі, Қарақұдық ауылы, Абылай хан көшесінде орналасқан екі пәтерлі жеке үйлер», мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Бөрілі ауданы, Қарақұдық ауылдық округі, Қарақұдық ауылы, Абылай хан көшесі, 20, 20/1, 20/2-үйлер, Нысанның коды 10031.

Нысанды пайдалануға беру күні: 2025 жыл.

  • «БҚО, Бәйтерек ауданында, Январцев ауылдық округі, Красноармейское кенті, Комсомольская көшесінде орналасқан екі пәтерлі жеке үйлер», мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Январцев ауылдық округі, Красноармейское кенті, Комсомольская көшесі, 10, 8-үйлер, Нысанның коды 9749.

Нысанды пайдалануға беру күні: 2025 жыл.

  • «БҚО, Бәйтерек ауданында, Егіндібұлақ ауылдық округі, Егіндібұлақ ауылы, Құрылысшы көшесінде орналасқан екі, үш пәтерлі жеке үйлер», мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Егіндібұлақ ауылдық округі, Егіндібұлақ ауылы, Құрылысшы көшесі, 15, 26, 5/1, 7/1-үйлер, Нысанның коды 10035.

Нысанды пайдалануға беру күні: 2025 жыл.

  • «БҚО, Бәйтерек ауданында, Егіндібұлақ ауылдық округі, Егіндібұлақ ауылы, Ынтымақ көшесінде орналасқан екі пәтерлі жеке үйлер», мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Егіндібұлақ ауылдық округі, Егіндібұлақ ауылы, Ынтымақ көшесі, 1, 3-үйлер, Нысанның коды 10037.

Нысанды пайдалануға беру күні: 2025 жыл.

  • «БҚО, Бәйтерек ауданында, Сұлукөл ауылы, Достық көшесінде орналасқан екі пәтерлі жеке үй», мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Сұлукөл ауылдық округі, Сұлукөл ауылы, Достық көшесі, 21-үй, Нысанның коды 9801.

Нысанды пайдалануға беру күні: 2025 жыл.

  • «БҚО, Бәйтерек ауданында, Зеленый ауылдық округі, Зеленое ауылы, Тәуелсіздік көшесінде орналасқан екі пәтерлі жеке үйлер», мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Зеленый ауылдық округі, Зеленое ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 44, 44/1, 50/1, 50/2-үйлер, Нысанның коды 9815.

Нысанды пайдалануға беру күні: 2025 жыл.

Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі: 13.11.2026 – 19.11.2026 жылға дейін.

Тұрғын үйді бөлу күні: 20.11.2026 жыл.

Қатысушыларды іріктеу тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұру күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке тұру күні сәйкес келген жағдайда – Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында өтінім беру күні мен уақыты бойынша жүзеге асырылады.

Тұрғын үйді бөлу кезінде коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлердің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйлердің жалпы көлемінің кемінде 20% (жиырма пайызы) жетім балаларға, ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.

Жетім балалардың, ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балалардың саны оларға бөлінуге тиіс тұрғын үй көлемінен аз болған немесе олар тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, осы абзацпен бекітілген олардың үлесі табыс деңгейіне және тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұру күніне байланысты төмендегі абзацта көрсетілген қалған 7 (жеті) санат арасында бөлінуге тиіс.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлердің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйлердің жалпы көлемінің кемінде 50 % (елу пайызы) келесі тұлғаларға беріледі:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
  • жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
  • басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне;
  • I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;
  • мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған немесе балалары бар отбасыларға;
  • жесірлерге (тұл ерлерге);
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға;

Осы абзацта көзделген азаматтардың саны оларға берілуге тиіс тұрғын үй көлемінен аз болған немесе олар тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, тұрғын үйдің қалған көлемі төмендегі абзацта көрсетілген тұлғаларға беріледі.

Тұрғын үйлердің жалпы көлемінен қалған тұрғын үй үлесі жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын, тұрғын үйге мұқтаж жандарға беріледі:

  • қандастар;
  • жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
  • экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
  • толық емес отбасылар;
  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
  • денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар.

МАҢЫЗДЫ!!!

Банк жоғарыда көрсетілген азаматтар санаттары үшін көзделген тұрғын үйдің жалпы көлемінен бөлінген үлес шегінде кандидаттар толық іріктелген және (немесе) бөлінетін тұрғын үй өтініш берушінің отбасы құрамына қатысты тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, берілген өтініштерді біржақты тәртіппен жояды.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Другие объявления

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру