Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру аясында «ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үйі» бағыты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйлерді бөлуге қатысу үшін өтініштер қабылдау туралы хабарландыру

Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру аясында «ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үйі» бағыты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйлерді бөлуге қатысу үшін өтініштер қабылдау туралы хабарландыру

9 қараша 2026

Құрметті Клиенттер!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру аясында «ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үйі» бағыты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді бөлуге қатысу үшін өтініштер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды (бұдан әрі – Бағдарлама).

Нысандар, орналасқан мекенжайы:

  • Махамбет ауданындағы жалға берілетін тұрғын үй, Махамбет ауылы, Шаттық шағынауданы, Абылайхан көшесі. Орналасқан мекенжайы: Атырау облысы, Махамбет ауылы, Шаттық шағынауданы, Абылай хан көшесі, нысан коды – 10565;
  • Махамбет ауданындағы жалға берілетін тұрғын үй, Махамбет ауылы, Мерей шағынауданы, М. Мақатаев көшесі. Орналасқан мекенжайы: Атырау облысы, Махамбет ауылы, Мерей шағынауданы, Мұқағали Мақатаев көшесі. нысан коды – 10564;
  • Махамбет ауданындағы жалға берілетін тұрғын үй, Махамбет ауылы, Мерей шағынауданы, Ж. Баласағұн көшесі. Орналасқан мекенжайы: Атырау облысы, Махамбет ауылы, Мерей шағынауданы, Жүсіп Баласағұн көшесі, нысан коды – 10563;
  • Исатай ауданындағы жалға берілетін тұрғын үй, Хамит Ерғалиев ауылы, Қ. Сахуалин көшесі. Орналасқан мекенжайы: Атырау облысы, Исатай ауданы, Қамысқала ауылдық округі, Хамит Ерғалиев ауылы, Қинаш Сахуалин көшесі, нысан коды – 10576;
  • Исатай ауданындағы жалға берілетін тұрғын үй, Тұщықұдық ауылы, Абай көшесі. Орналасқан мекенжайы: Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылы, Абай көшесі, нысан коды – 10571;
  • Исатай ауданындағы жалға берілетін тұрғын үй, Тұщықұдық ауылы, Жамбыл көшесі. Орналасқан мекенжайы: Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылы, Жамбыл көшесі, нысан коды – 10567.
  • Индер ауданы Жарсуат ауылындағы Жаңа көше көшесінде орналасқан жалдамалы тұрғын үй, орналасқан мекенжайы: Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылы, Жаңа көше көшесі, нысан коды – 10574;
  • Индер ауданы Елтай ауылындағы Қазақстан шағын ауданы, № 4 көшеде орналасқан жалдамалы тұрғын үй, орналасқан мекенжайы: Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылы, Қазақстан шағын ауданы, №4-көше, нысан коды – 10573;
  • Индер ауданы Бөдене ауылындағы Қаден Әбдіров көшесінде орналасқан жалдамалы тұрғын үй, орналасқан мекенжайы: Атырау облысы, Индер ауданы, Бөдене ауылы, Қаден Әбдіров көшесі, нысан коды – 10572.

Нысандар пайдалануға беру күні: 2025 ж.

Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі: 09.11.2026 жылдан бастап 12.11.2026 жылға дейін (қоса алғанда)

Тұрғын үйді бөлу күні: 13.11.2026 ж.

Қатысушыларды іріктеу тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұру күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке тұру күні сәйкес келген жағдайда – Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында өтінім беру күні мен уақыты бойынша жүзеге асырылады.

Тұрғын үйді бөлу кезінде коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлердің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйлердің жалпы көлемінің кемінде 20% (жиырма пайызы) жетім балаларға, ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.

Жетім балалардың, ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балалардың саны оларға бөлінуге тиіс тұрғын үй көлемінен аз болған немесе олар тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, осы абзацпен бекітілген олардың үлесі табыс деңгейіне және тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұру күніне байланысты төмендегі абзацта көрсетілген қалған 7 (жеті) санат арасында бөлінуге тиіс.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлердің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйлердің жалпы көлемінің кемінде 50 % (елу пайызы) келесі тұлғаларға беріледі:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
  • жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
  • басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне;
  • I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;
  • мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған немесе балалары бар отбасыларға;
  • жесірлерге (тұл ерлерге);
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға;

Осы абзацта көзделген азаматтардың саны оларға берілуге тиіс тұрғын үй көлемінен аз болған немесе олар тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, тұрғын үйдің қалған көлемі төмендегі абзацта көрсетілген тұлғаларға беріледі.

Тұрғын үйлердің жалпы көлемінен қалған тұрғын үй үлесі жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын, тұрғын үйге мұқтаж жандарға беріледі:

  • қандастар;
  • жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
  • экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
  • толық емес отбасылар;
  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары
  • денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар.

МАҢЫЗДЫ!!!

Банк жоғарыда көрсетілген азаматтар санаттары үшін көзделген тұрғын үйдің жалпы көлемінен бөлінген үлес шегінде кандидаттар толық іріктелген және (немесе) бөлінетін тұрғын үй өтініш берушінің отбасы құрамына қатысты тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, берілген өтініштерді біржақты тәртіппен жояды.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру