Құрметті Клиент!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру аясында «ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үйі» бағыты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді бөлуге қатысу үшін өтініштер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды (бұдан әрі – Бағдарлама).
1. Объект: Жер учаскелерімен бірге Қарабұта ауылының тұрғын үйлері. Орналасқан мекенжайы: Абай облысы, Мақаншы ауданы, Қарабұта ауылы, Қабанбай көшесі, 33/1, 33/2 үйлері. Объект коды – 10671. №1 пул бойынша – 2 пәтер.
2. Объект: Жер учаскелерімен бірге Бақты ауылының тұрғын үйлері. Орналасқан мекенжайы: Абай облысы, Мақаншы ауданы, Бақты ауылы, А. Найманбаев көшесі, 31/1, 31/2, 32/2, 33/1, 33/2 үйлері. Объект коды – 10672. №1 пул бойынша – 5 пәтер.
3. Объект: Жер учаскелерімен бірге Ақшоқы ауылының тұрғын үйлері. Орналасқан мекенжайы: Абай облысы, Мақаншы ауданы, Ақшоқы ауылы, Қ. Мұңайтпасов көшесі, 7/1, 7/2 үйлері. Объект коды – 10673. №1 пул бойынша – 2 пәтер.
4. Объект: Жер учаскелерімен бірге Қаратал ауылының тұрғын үйлері. Орналасқан мекенжайы: Абай облысы, Мақаншы ауданы, Қаратал ауылы, Жастар көшесі, 11/2 үй; Шыңғожа көшесі, 43/1, 43/2, 51/1, 51/2 үйлері; Ардагер көшесі, 78/1, 78/2 үйлері. Объект коды – 10675. №1 пул бойынша – 5 пәтер, №2 пул бойынша – 2 пәтер.
5. Объект: Жер учаскесімен бірге Көктерек ауылының тұрғын үйі. Орналасқан мекенжайы: Абай облысы, Мақаншы ауданы, Көктерек ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 12/2 үй. Объект коды – 10676. №1 пул бойынша – 1 пәтер.
6. Объект: Жер учаскелерімен бірге Қаратұма ауылының тұрғын үйлері. Орналасқан мекенжайы: Абай облысы, Мақаншы ауданы, Қаратұма ауылы, Наурыз көшесі, 6А, 6Б үйлері; Абай көшесі, 1
Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі: 24.11.2026 жылдан 24.11.2026 жылға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 25.11.2026 жыл
Қатысушыларды іріктеу тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұру күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке тұру күні сәйкес келген жағдайда – Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында өтінім беру күні мен уақыты бойынша жүзеге асырылады.
Тұрғын үйді бөлу кезінде коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлердің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйлердің жалпы көлемінің кемінде 20% (жиырма пайызы) жетім балаларға, ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.
Жетім балалардың, ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балалардың саны оларға бөлінуге тиіс тұрғын үй көлемінен аз болған немесе олар тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, осы абзацпен бекітілген олардың үлесі табыс деңгейіне және тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұру күніне байланысты төмендегі абзацта көрсетілген қалған 7 (жеті) санат арасында бөлінуге тиіс.
Коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлердің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйлердің жалпы көлемінің кемінде 50 % (елу пайызы) келесі тұлғаларға беріледі:
Осы абзацта көзделген азаматтардың саны оларға берілуге тиіс тұрғын үй көлемінен аз болған немесе олар тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, тұрғын үйдің қалған көлемі төмендегі абзацта көрсетілген тұлғаларға беріледі.
Тұрғын үйлердің жалпы көлемінен қалған тұрғын үй үлесі жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын, тұрғын үйге мұқтаж жандарға беріледі.
МАҢЫЗДЫ!!!
Банк жоғарыда көрсетілген азаматтар санаттары үшін көзделген тұрғын үйдің жалпы көлемінен бөлінген үлес шегінде кандидаттар толық іріктелген және (немесе) бөлінетін тұрғын үй өтініш берушінің отбасы құрамына қатысты тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, берілген өтініштерді біржақты тәртіппен жояды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!