Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Біліктіліктің (кредит қабілеттілігін бағалау) басталғаны туралы хабарландыру

Біліктіліктің (кредит қабілеттілігін бағалау) басталғаны туралы хабарландыру

3 сәуір 2026

Құрметті салымшылар!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) Объектінің құрылысы аяқталуына байланысты Біліктіліктен (кредит қабілеттілігін бағалау) өтудің қажеттілігі туралы хабарлайды.

Объект: «Өмірұзақ» шағын ауданындағы таунхаустар, мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Айтей ауылдық округі, Өмірұзақ шағын ауданы.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеумен – 180 000 теңге.

Пәтер саны: 29

Пәтер түрлері (3 бөлмелі): 29 пәтер,
ең үлкен ауданы – 70,70 ш.м.

Біліктіліктен өту мерзімі (кредит қабілеттілігін бағалау):
2026 жылғы 03.04 – 10.04 аралығы.

Тұрғын үйді таңдау кезеңі:
2026 жылғы 03.04 – 13.04 аралығы.

Тұрғын үйді бөлу күні:
14.04.2026

Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, біліктіліктен өтуге (кредит қабілеттілігін бағалауға) қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ ғимарат қасбетінің фотосуреттері мен пәтерлердің/жеке тұрғын үйлердің жоспарымен Банктің интернет-ресурстарында таныса аласыз: www.hcsbk.kz және/немесе otbasybank.kz.

Біліктіліктен өту мерзімі аяқталғаннан кейін Банк біліктілікке арналған құжаттарды қабылдамайды.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру