Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде төлемқабілеттілікті растау қажеттігі туралы хабарлайды.
Нысан: : "Көп қабатты тұрғын үй", орналасқан мекенжайы: Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 15/1.
Нысанның коды: 5834.
Үміткерлерді іріктеу күні: 03.06.2026 ж.
1 ш.м. тұрғын үйдің құны: 255 270 теңге, "таза" әрлеуде.
Пәтерлер саны: 53 (бөлінетін пәтерлер саны)
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі: 11 маусым мен 19 маусым 2026 жылға дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 11 маусым мен 23 маусым 2026 жылға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 24 маусым 2026 жылы.
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, төлемқабілеттілікті растауға қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі өткеннен кейін Банк құжаттарды қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!