Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде төлемқабілеттілікті растау қажеттігі туралы хабарлайды.
Нысан: "Тараз қаласы, Ұлы Дала шағын ауданы, 67 үй", орналасқан мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Әулиеата ауд., Ұлы Дала шағын ауданы, 67 үй, нысанның коды: 9269.
Үміткерлерді іріктеу күні: 19.08.2026 жыл.
1 ш.м. тұрғын үйдің құны: 160 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Пәтерлер саны: 60 (алпыс),
Пәтер түрі 1 бөлмелі: 20 пәтер, максималды ауданы 33,9 ш. м.,
Пәтер түрі 2 бөлмелі: 20 пәтер, максималды ауданы 50,9 ш. м.,
Пәтер түрі 3 бөлмелі: 20 пәтер, максималды ауданы 67,4 ш. м.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі: 25.08.2026 жылдан – 14.09.2026 жылға дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 25.08.2026 жылдан – 17.09.2026 жылға дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үйді бөлу күні: 18.09.2026 жыл.
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, төлемқабілеттілікті растауға қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі өткеннен кейін Банк құжаттарды қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!