Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде төлемқабілеттілікті растау қажеттігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Тараз қаласы, Сүлейменов көшесінің соңындағы 5 қабатты 10 тұрғын үйдің құрылысы. 43 жер телім, 11 белгісі», орналасқан мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Әулиеата ауданы, Ұлы Дала шағын ауданы, 86 үй, нысанның коды: 8791.
Үміткерлерді іріктеу күні: 24.06.2026 жыл.
1 ш.м. тұрғын үйдің құны: 160 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Пәтерлер саны: 2 (екі),
Пәтер түрі 2 бөлмелі: 1 пәтер, максималды ауданы 63,9 ш. м.
Пәтер түрі 3 бөлмелі: 1 пәтер, максималды ауданы 84,8 ш. м.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі: 29.06.2026 жылдан – 13.07.2026 жылға дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 29.06.2026 жылдан – 16.07.2026 жылға дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үйді бөлу күні: 17.07.2026 жыл.
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, төлемқабілеттілікті растауға қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі өткеннен кейін Банк құжаттарды қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!