Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде төлемқабілеттілікті растау қажеттігі туралы хабарлайды.
Нысан: КТҮ Аягөз қ.Қабанбай Батыр көш., 5/8 үй, объектінің коды 8768, Абай обласы, Аягөз қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 5/8 үй мекен-жайы бойынша орналасқан.
1 ш.м. тұрғын үйдің құны: 200 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Пәтерлер саны: 6.
Пәтер түрі 1: 1-бөлмелі, 5 пәтер, ең жоғарғы ауданы 45,6 ш.м.
Пәтер түрі 2: 2-бөлмелі, 1 пәтер, ең жоғарғы ауданы 63,3 ш.м.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі: 25.06.2026 ж. – 01.07.2026 ж. дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 25.06.2026 ж. – 02.07.2026 ж. дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 03.07.2026 ж.
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, төлемқабілеттілікті растауға қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі өткеннен кейін Банк құжаттарды қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!