Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде төлемқабілеттілікті растау қажеттігі туралы хабарлайды.
1. Нысан: «Көппәтерлі тұрғын үй», орналасқан мекенжайы: Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Гагарин көшесі, 70/1.
Нысан коды: 6488.
Қатысушыларды іріктеу күні: 2026 жылғы 12 қазан.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза әрлеудегі» 255 270 теңге.
Пәтерлер саны: 1 (бөлінетін пәтерлер саны).
Пәтерлердің түрі 3: 3 бөлмелі, 3 пәтер, ең жоғары ауданы – 71,5 ш.м. және т.б.
2. Нысан: «Көппәтерлі тұрғын үй», орналасқан мекенжайы: Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Гагарин көшесі, 70/3.
Нысан коды: 6377.
Пәтерлердің түрі 2: 3 бөлмелі, 1 пәтер, ең жоғары ауданы – 81,7 ш.м. және т.б.
3. Нысан: «Көппәтерлі тұрғын үй», орналасқан мекенжайы: Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алашахана көшесі, 34 М.
Нысан коды: 6383.
Пәтерлер саны: 9 (бөлінетін пәтерлер саны).
Пәтерлердің түрі 1: 2 бөлмелі, 5 пәтер, ең жоғары ауданы – 54,2 ш.м. және т.б.
Пәтерлердің түрі 2: 3 бөлмелі, 4 пәтер, ең жоғары ауданы – 80,7 ш.м. және т.б.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі: 12 қазан мен 16 қазан 2026 жылға дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 12 қазан мен 18 қазан 2026 жылға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 19 қазан 2026 жылы.
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, төлемқабілеттілікті растауға қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі өткеннен кейін Банк құжаттарды қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!