Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде төлемқабілеттілікті растау қажеттігі туралы хабарлайды.
Нысан: «БҚО Орал қ. Ақжайық ЕТЖК 4 шағын ауданындағы 1, 2 квартал көп пәтерлі тұрғын үйлер кешенінің құрылысы. № 9 үй (абаттандыру және инженерлік желілерсіз)». Мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Зачаганск кенті, 4 шағын ауданы, үй 13, нысанның коды: 6163.
Үміткерлерді іріктеу күні: 26.11.2025 ж.
1 ш. м. тұрғын үйдің құны: 244 926 теңге, "таза" әрлеуде.
Пәтерлер саны: 10,
Пәтер түрі: 2, 2бөлмелі: 40 пәтер, максималды көлемі 64,72 ш.м.
Пәтер түрі: 2, 2бөлмелі: 10 пәтер, максималды көлемі 74,23 ш.м.
Пәтер түрі: 3, 3бөлмелі: 40 пәтер, максималды көлемі 83,17 ш.м.
Пәтер түрі: 3, 3бөлмелі: 10 пәтер, максималды көлемі 103,09 ш.м.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі: 29.06.2026 жылдан бастап 07.07.2026 жылға дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 29.06.2026 жылдан бастап 09.07.2026 жылға дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үйді бөлу күні: 10.07.2026 жыл.
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, төлемқабілеттілікті растауға қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі өткеннен кейін Банк құжаттарды қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!