Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде төлемқабілеттілікті растау қажеттігі туралы хабарлайды.
Нысан: ««Павлодар облысы Ақсу қаласының Строителей көшесі, 45/1 мекенжайында 9 қабатты көп пәтерлі тұрғын үй салу». Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 45/1 мекенжайы бойынша орналасқан.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде: 253 545 теңге.
Пәтер саны: 12
Пәтер түрі 2: (2-бөлмелі) 12 пәтер, максималды көлемі 59.42 ш.м.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 12.10.2026 бастап 20.10.2026 жылға дейін.
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 12.10.2026 бастап 20.10.2026 жылға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 2026 жылғы 21 қазан.
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, төлемқабілеттілікті растауға қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Біліктілік мерзімі аяқталғаннан кейін Банк Біліктілікке құжаттарды қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!