Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде төлемқабілеттілікті растау қажеттігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Павлодар облысы, Екібастұз қаласының 2-ші шағынауданында №1 бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы», орналасқан мекенжайы: Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, 2-ші шағынаудан, Пшенбаев көшесі, 30/1.
Құрылыстың аяқталу жоспарланған мерзімі: 31.03.2025 жыл.
Үміткерлерді іріктеу күні: 31.08.2026 жыл.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: "таза" әрлеудегі 253 545 теңге
Жайлылық класы: 4
Пәтер саны: 6
Пәтер түрі 3: (2-бөлмелі) 6 пәтер, максималды көлемі 55,65 ш.м.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 04.09.2026 бастап 16.09.2026 жылға дейін..
Тұрғын үйді таңдау кезеңі 04.09.2026 бастап 17.09.2026 жылға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 18.09.2026 ж.
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, төлемқабілеттілікті растауға қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Біліктілік мерзімі аяқталғаннан кейін Банк Біліктілікке құжаттарды қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!