Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде төлемқабілеттілікті растау қажеттігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Тараз қаласы, Сүлейменов көшесінің соңындағы 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы. 20 жер телім, 2 белгісі», орналасқан мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Әулиеата ауданы, Ұлы Дала шағын ауданы, 31/2 үй, нысанның коды: 7958.
Үміткерлерді іріктеу күні: 30.03.2026 жыл. 1 ш.м. тұрғын үйдің құны: 160 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Пәтерлер саны: 60 (алпыс),
Пәтер түрі 1 бөлмелі: 15 пәтер, максималды ауданы 40,89 ш. м.,
Пәтер түрі 2 бөлмелі: 15 пәтер, максималды ауданы 54,45 ш. м.,
Пәтер түрі 3 бөлмелі: 30 пәтер, максималды ауданы 77,36 ш. м.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі: 02.04.2026 жылдан – 15.04.2026 жылға дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 02.04.2026 жылдан – 17.04.2026 жылға дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үйді бөлу күні: 20.04.2026 жыл.
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, төлемқабілеттілікті растауға қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі өткеннен кейін Банк құжаттарды қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!