Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде төлемқабілеттілікті растау қажеттігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Тараз қаласы, Сүлейменов көшесінің соңындағы 80 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы. 40 жер телім, 1 белгісі», орналасқан мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Әулиеата ауданы, Ұлы Дала шағын ауданы, 52 үй, нысанның коды: 7956.
Үміткерлерді іріктеу күні: 30.03.2026 жыл. 1 ш.м. тұрғын үйдің құны: 160 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Пәтерлер саны: 38 (отыз сегіз),
Пәтер түрі 1 бөлмелі: 11 пәтер, максималды ауданы 41,1 ш. м.,
Пәтер түрі 2 бөлмелі: 6 пәтер, максималды ауданы 58,7 ш. м.,
Пәтер түрі 3 бөлмелі: 11 пәтер, максималды ауданы 74,1 ш. м.,
Пәтер түрі 3 бөлмелі: 9 пәтер, максималды ауданы 82,1 ш. м.,
Пәтер түрі 4 бөлмелі: 1 пәтер, максималды ауданы 86,5 ш. м.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі: 27.04.2026 жылдан – 13.05.2026 жылға дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 27.04.2026 жылдан – 18.05.2026 жылға дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үйді бөлу күні: 19.05.2026 жыл.
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, төлемқабілеттілікті растауға қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі өткеннен кейін Банк құжаттарды қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!