Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде төлемқабілеттілікті растау қажеттігі туралы хабарлайды.
Нысан: "Тараз қаласындағы Асқаров көшесінің соңындағы тұрғын алабында он алты 5 қабатты тұрғын үй салу. 3 учаске, 9 дақ", орналасқан мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Әулиеата ауданы, Шапағат шағын ауданы, 9 үй, нысанның коды: 5935.
Үміткерлерді іріктеу күні: 03.12.2025 жыл. 1 ш.м. тұрғын үйдің құны: 226 110 теңге, "таза" әрлеуде.
Пәтерлер саны: 45 (қырық бес),
Пәтер түрі 1 бөлмелі: 5 пәтер, максималды ауданы 43,6 ш. м.,
Пәтер түрі 2 бөлмелі: 5 пәтер, максималды ауданы 62 ш. м.,
Пәтер түрі 2 бөлмелі: 10 пәтер, максималды ауданы 69,5 ш. м.,
Пәтер түрі 3 бөлмелі: 5 пәтер, максималды ауданы 83,7 ш. м.,
Пәтер түрі 3 бөлмелі: 10 пәтер, максималды ауданы 93,9 ш. м.,
Пәтер түрі 4 бөлмелі: 10 пәтер, максималды ауданы 106,6 ш. м.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі: 08.12.2025 жылдан – 06.01.2026 жылға дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 08.12.2025 жылдан – 14.01.2026 жылға дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үйді бөлу күні: 15.01.2026 жыл.
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, төлемқабілеттілікті растауға қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі өткеннен кейін Банк құжаттарды қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!