Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Нұрлы жол» бағдарламасына өтініштерді қабылдау туралы

«Нұрлы жол» бағдарламасына өтініштерді қабылдау туралы

18 наурыз 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) «Жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) арқылы несиелік тұрғын үйлердің құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау жолымен тұрғын үй құрылысының жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру басталғаны туралы хабарлайды.
Нысан: «көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы», Қостанай қаласы, Герцен 26/2 көшесі бойындағы № 26/1 (үй № 1) тұрғын үй ауданы мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2017 ж. шілде айы.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. бағасы: «таза» әрленгенде 127 374 теңге.
Жайлылық класы: 3
Пәтер саны: 60, олардың:
1-бөлм. пәтер түрі: 1А, ауданы - 41,46 ш. м., 10 пәтер
2-бөлм. пәтер түрі: 2А, ең жоғарғы ауданы - 65,70 ш. м., 40 пәтер
3-бөлм. пәтер түрі: 3А, ауданы – 85,3 ш. м., 10 пәтер
Қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2017 жылғы 29 наурыздан бастап 27 сәуірге дейін
Нысанға келісім жасау жағдайда, баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 28.04.2017 ж.
Өтінішті: www.hcsbk.kz Банктің интернет ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Нысанда тұрғын үйдің 50 %-дан кем емес ЖАО кезекке тұрғандар арасында іріктеу жүргізіледі.
Қатысуға өтініш берушілер немесе квалификацияны өткендер арасында ЖАО кезекке тұрғандардың саны жеткіліксіз болған кезде, тұрғын үйлердің іріктелуі Банктің салымшылары арасынан басқа өтініш берушілерге жүргізіледі.
Бағдарламаға қатысуға өтініштерді беру жолымен Банк салымшылары Объектінің жүзеге асырылуына келісім жасап, дауыс береді. Нысанға келісім жасалған кезде, салымшылармен берілген өтініштер Бағдарламаға әрі қарай қатысу үшін қабылданады.
Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, Банкке өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған кезде Нысанға келісім жасау үшін қажет салымшылармен берілген өтініштер жеткіліксіз болған жағдайда, берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, ғимарат қасбетінің суреттерімен, пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында толығырақ танысуға болады.
Қосымша сұрақтарыңыз болған кезде Банктің колл-орталығына хабарласуға болады.






Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру