Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Нұрлы жер» бағдарламасының «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша тұрғын үйлерді пулды құрусыз өткізу туралы

«Нұрлы жер» бағдарламасының «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша тұрғын үйлерді пулды құрусыз өткізу туралы

22 января 2020
Құрметті салымшылар!


«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Кредиттік тұрғын үй салу» Кредиттік тұрғын үй ЖАО бағыты бойынша пулды құрусыз тұрғын үйлердің өткізілетіні туралы хабарлайды.

Нысан: Петропавл қаласы, «Береке» шағын ауданында орналасқан 75 пәтерлік №1 тұрғын үй.

Құрылыстың жоспарлы аяқталатын мерзімі: 2019 жылдың 31 желтоқсаны.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.
Тұрғын үй бірліктерінің саны: 5,
Пәтер түрі 1 – бөлмелі пәтер: 1 пәтер, ең үлкен аумағы 33,27 ш.м;
Пәтер түрі 2 - бөлмелі пәтер: 3 пәтер, ең үлкен аумағы 55,00 ш.м;
Пәтер түрі 3 - бөлмелі пәтер: 1 пәтер, ең үлкен аумағы 71,24 ш.м.


Өтініш қабылдау мерзімі: 2020 жылдың 28 қаңтардан бастап 11 ақпанға дейін.


Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): тұрғын үйді брондаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Пулға өтініш беру Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен және/немесе Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсынан толығырақ танысып, көруге болады.

Өтініштер тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.


Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру