Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау жолымен дауыс беру басталғаны туралы

«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау жолымен дауыс беру басталғаны туралы

25 апреля 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) «Жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) арқылы несиелік тұрғын үйлердің құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау жолымен тұрғын үй құрылысының жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру басталғаны туралы хабарлайды.
Нысан: «Қостанай қаласы, аэропорт ауданындағы № 22 көпқабатты тұрғын үй», Қостанай қаласы, Аэропорт ауданы, № 22 тұрғын үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2017 жыл 30 маусым.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. бағасы: «таза» әрленгенде 138 691 теңге.
Жайлылық класы: 4
Пәтер саны: 36, олардың:
1-бөлм. пәтер түрі 1А: 18 пәтер, ең жоғарғы ауданы – 39,41 ш. м.
2-бөлм. пәтер түрі 2А: 9 пәтер, ең жоғарғы ауданы – 57,84 ш. м.
3-бөлм. пәтер түрі 3А: 9 пәтер, ең жоғарғы ауданы – 78,40 ш. м.
Қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2017 жылғы 26 сәуірден бастап 25 мамырға дейін
Нысанға келісім жасау жағдайда, баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 26.05.2017 ж.
Өтінішті: www.hcsbk.kz Банктің интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген ұпайларына және кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«ЖАО арқылы несиелік тұрғын үйлердің құрылысы» бағыты бойынша:
Нысанда тұрғын үйдің 50 %-дан кем емес ЖАО кезекке тұрғандар арасында іріктеу жүргізіледі.
Қатысуға өтініш берушілер немесе квалификацияны өткендер арасында ЖАО кезекке тұрғандардың саны жеткіліксіз болған кезде, тұрғын үйлердің іріктелуі Банктің салымшылары арасынан басқа өтініш берушілерге жүргізіледі.
Бағдарламаға қатысуға өтініштерді беру жолымен Банк салымшылары Нысан үшін және оның әрі қарай жүзеге асырылуына дауыс береді. Егер Банк өтініштерді қабылдау мерзімінің аяқталған кезде қабылданды:
- Банктің ішкі құжаттарына сәйкес анықталатын, салымшылармен берілген өтініштердің саны Нысанға келісім жасау үшін жеткілікті болған кезде, берілген өтініштер бойынша ұпайлар есептеледі;
- Банктің ішкі құжаттарына сәйкес анықталатын салымшылардың өтініштер саны жеткіліксіз болған жағдайда, берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.
Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, Банкке өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған кезде Нысанға келісім жасау үшін қажет салымшылармен берілген өтініштер жеткіліксіз болған жағдайда, берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, ғимарат қасбетінің суреттерімен, пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында «Қолжетімді баспана» бөлімінде толығырақ танысуға болады.
Қосымша сұрақтарыңыз болған кезде Банктің колл-орталығына: 300 нөміріне (ұялы телефоннан тегін) хабарласуға болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру