Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау туралы

«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау туралы

14 ақпан 2017
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) Жергілікті атқарушы орган арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына (әрі қарай - Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: «Арай алқабындағы 80 пәтерлі тұрғын үй», Тараз қаласы, «Арай» алқабы, 2 телім, 4 белгі, мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2017 жылдың мамыр айы
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы : «таза» әрлеудегі 116 000 теңге
Жайлылық класы: ІІІ
Пәтер саны: 80
Пәтер түрі: 1-1, 1-бөлмелі 5 пәтер, максималды көлемі – 50,84 ш.м.,
Пәтер түрі: 2-1, 2-2, 2-3, 2-4, 2-бөлмелі 25 пәтер, минималды көлемі – 58,22 ш.м., максималды көлемі – 62,85 ш.м.,
Пәтер түрі: 2-1, 2-2, 2-бөлмелі 10 пәтер, минималды көлемі – 73,05 ш.м., максималды көлемі – 73,40 ш.м.,
Пәтер түрі: 2-5, 2-бөлмелі 5 пәтер, максималды көлемі – 83,42 ш.м.,
Пәтер түрі: 3-3, 3-бөлмелі 5 пәтер, максималды көлемі – 82,87 ш.м.,
Пәтер түрі: 3-1, 3-2, 3-бөлмелі 15 пәтер, минималды көлемі – 87,03 ш.м., максималды көлемі – 91,66 ш.м.,
Пәтер түрі: 3-1, 3-3, 3-бөлмелі 10 пәтер, минималды көлемі – 95,44 ш.м., максималды көлемі – 95,51 ш.м.,
Пәтер түрі: 4-1, 4-бөлмелі 5 пәтер, максималды көлемі – 110,69 ш.м.,

Қатысу үшін өтініштерді (дауыс беру) қабылдау мерзімі: 2017 жылғы 20 ақпаннан бастап 21 наурызға дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу) Нысан келісілген жағдайда: 24 наурыз 2016 жыл.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Нысандағы тұрғын үйлердің 50%-нан көбі ЖАО кезекте тұрғандар арасында бөлінеді. Әкімдікте кезекте тұрғандар арасынан қатысуға өтініш берген немесе төлемқабілеттілігінің растаған үміткерлер саны жетіспеген жағдайда, тұрғын үй Банк салымшылары қатарынан басқа өтініш берушілер арасында бөлінеді.

Банк салымшылары Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беру арқылы Нысанды іске асыруға келісу үшін дауыс береді. Нысанды келісу кезінде, салымшылардың өтініштері әрі қарай Бағдарламаға қатысу үшін қабылданады. Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшылардың өтініштерінің саны Нысанды келісу үшін өтініштерді қабылдауды аяқтау күніне дейін Банкке жеткілікті түрде берілмесе, берілген өтініштердің автоматты түрде күші жойылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Банктің Байланыс-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.


Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру