Құрметті салымшылар!
«Отбасы Банк» АҚ (әрі қарай – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық даму 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау мерзімін 05 мамыр 2022 жылға (қоса алғанда) дейін ұзарту туралы хабарлайды.
Нысан «Тараз, Сүлейменов көшесінің соңы, 15 жер телім, 1 белгі. Сүлейменов көшесінің соңындағы 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы, объектінің коды 2141».
Клиенттер тізімін қалыптастыру күні (Үміткерлерді іріктеу): 06 мамыр 2022 жыл
Құрылыстың аяқталу / аяқталған мерзімі: 2020 жылдың желтоқсан айында.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 160 000 теңге.
Жайлылық класы: ІІІ.
Пулға өтініштерді беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында жүзеге асырылады. Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің https://otbasybank.kz/ және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 нөмірі бойынша (ұялы байланыстан тегін) хабарласуыңызды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!