«Нұрлы жер» бағдарламасының «Несиелік тұрғын үй бағыты бойынша» өтініштер қабылдануы басталды!
Құрметті салымшылар!
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) несиелік тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарлаймыз.
Тараз, Сүлейменов көшесінің соңы, 60-пәтерлі тұрғын үй құрылысы, 2 жер телімі, белгі 6, объектінің коды 1553, кешенінде бос пәтерге өтініш беріп үлгеріңіз!
Барлығы: 12 пәтер!
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 140 000 теңге.
Пәтер түрі 1: 10 пәтер, ең жоғарғы аудан 42,13 шаршы метр
Пәтер түрі 3: 2 пәтер, ең жоғарғы аудан 73,42 шаршы метр
Бағдарламаға қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2020 жылғы 26 қарашадан бастап 2020 жылдың 25 желтоқсанға дейін
Квалификация мерзімі (төлем қабілеттілігін анықтау): брон жасалған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнде.
Өтінішті Банк филиалына немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте» беруге болады, егер де Тұрғын үй жинақ шотында таңдаған пәтердің құнының кем дегенде 10 (он)% болған жағдайда.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.