Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталатыны туралы хабарландыру

«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталатыны туралы хабарландыру

3 маусым 2020
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі-Банк) «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: «Жобалық атауы Е10 және Е250 көшелерінің қиылысы маңындағы көппәтерлі тұрғын үй кешендері» 5 Лот, Блоктық бөлім – 1,4 (кіреберіс -1, 8), Блоктық бөлім – 5, (2 полигон, 2 дақ)
Көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылыс учаскелері Есіл өзенінің сол жағалауында, Шыңғыс Айтматов пен Каим Мұхамедханов көшелерінің қиылысында, Технология және бизнес университетінің батысы, Нұр-Сұлтан қаласындағы Жағалау-3 тұрғын үй кешенінің солтүстігінде орналасқан.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 30.06.2020 жыл.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 180 000 теңге.

Жайлылық сыныбы: III

Пәтер саны: 52

Пәтер түрі 2 – бөлмелі пәтер: 12 пәтер, ең үлкен аумағы 60,76 ш.м.,

Пәтер түрі 2– бөлмелі пәтер: 28 пәтер, ең үлкен аумағы 69,12 ш.м.,

Пәтер түрі 3 – бөлмелі пәтер: 12 пәтер, ең үлкен аумағы 89,42 ш.м.,

Қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 10.06.2020 ж. бастап 09.07.2019 ж. дейін

Ұпайлар есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 10.07.2019ж

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген үпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініш тек Банк салымшыларынан қабылданады.

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.

Нысандағы тұрғын үйлердің 50%-ынан кем емесі жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар арасында бөлінеді.

Қатысуға өтініш берген немесе іріктеуден өткен жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандардың саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшыларының ішінен басқа өтініш берушілер арасында бөлінеді.

Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының 20%-ынан кем емес көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинағы болғанда алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беру мүмкін болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ көре аласыздар.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.










Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру