Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Қызылорда қаласында «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталғаны туралы

Қызылорда қаласында «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталғаны туралы

11 января 2019
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс нысандарына дауыс беру жайында хабарлайды.
Нысан: Қызылорда қаласы, Сол жақ жағалау ш.а., 13 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Сол жақ жағалау №13 үй» тұрғын үй кешені.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 01.09.2018 жыл.
Жайлылық класы: 3
Пәтер саны: 21,
Пәтер түрі 1, 2-бөлм.: 16 пәтер, ең жоғарғы аумағы 55,38 ш.м, «Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 120 000 теңге.
Пәтер түрі 2, 3-бөлм.: 5 пәтер, ең жоғарғы аумағы 64,07 ш.м, «Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 120 000 теңге.
Жобаға қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 10.01.2019 ж. бастап 21.01.2019 ж. дейін
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау) (Нысанды келіскен жағдайда) : 22.01.2019 ж.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.
Алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беру үшін өтініш берушінің жинақ шотында таңдаған пәтер құнының кемінде 20% көлемінде жинақтары болуы керек (Нысандағы үлесі).
Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/Резервистердің қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.
Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Құрылыс нысанының сипаттамасымен, ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында танысуға болады.
Бөлу тәртібі Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеуге (төлем қабілеттілігін бағалауға) арналған құжаттар тізімі Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

Қосымша сұрақтар туған жағдайда, 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан қоңырау соғу тегін) Банктің Байланыс орталығына хабарласуыңызды
өтінеміз.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру