Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында пулсыз (конкурссыз) пәтерлерді сату туралы хабарлама!

«Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында пулсыз (конкурссыз) пәтерлерді сату туралы хабарлама!

10 декабря 2020

Құрметті салымшылар! 

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша пулсыз пәтерлерді сату туралы хабарлайды.

Нысан: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Зашаған кенті, Солидарности көшесі, 23 үй мекенжайы бойынша орналасқан «БҚО, Орал қаласы, Зашаған кентінің монолитті-қаңқа схемасы бойынша 9 қабатты № 49 көппәтерлі тұрғын үй салу» 

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 17.08.2020 ж.
1 ш/метрінің бағасы таза әрлеуде: 140 000 теңге
Пәтер саны: 7
1-бөлмелі пәтер түрі: 7 пәтер, ең жоғарғы аудан 39,82 шаршы метр

Пулсыз пәтерлерді сату «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 21.12.2020 ж. (Нұр-сұлтан қ. уақытымен 00:00 бастап) – 25.12.2020 ж. (қоса алғанда).

Төлемқабілеттілік уақыты: пәтерге бронь қойғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде.

Өтінішті Банктің baspana.kz интернет – ресурсы арқылы бересіз.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет - ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде және/немесе www.baspana.kz интернет - ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге  болады.

Өтініштер тек Банк салымшыларынан қабылданады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру