Қостанай қаласындағы нысан бойынша іріктеудің басталғаны туралы

Қостанай қаласындағы нысан бойынша іріктеудің басталғаны туралы

2 октября 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) Нысан құрылысының аяқталуына байланысты Іріктеуден (төлем қабілеттілігін бағалаудан) өту қажеттілігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Аэропорт шағын ауданы, блоктар № 32, № 33, № 34» мекенжайындағы көп қабатты панельді тұрғын үйлердің құрылысы, нысан коды 1069.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.
Пәтер саны: 5,
Пәтер түрі 3, 3-бөлмелі: 5 пәтер, ең жоғарғы ауданы – 78,4 ш. м.

Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 01 қазан 2018 жылдан бастап 12 қазан 2018 жылға дейін
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 2018 жылғы 01 қазаннан бастап 23 қазанға дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 24.10.2018 ж.
Банктің www.hcsbk.kz, baspana.kz интернет-ресурсында көре аласыздар.
Бөлу тәртібімен, Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімімен, сонымен қатар ғимарат қасбетінің фото-суреттерін және пәтер жоспарын Банктің www.hcsbk.kz және/ немесе www.baspana.kz интернет-ресурсында танысуға болады.
Іріктеу мерзімі аяқталған соң Іріктеуге арналған құжаттарды Банк қабылдамайды.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру