Қостанай қ. «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы | Нысан: «Қостанай қаласы, Юбилейный шағын ауданында орналасқан БЖ бойынша №37, №38 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы», нысан коды 1207.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қостанай қ. «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы

Қостанай қ. «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы

2 қазан 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) «Нұрлы жер» Бағдарламасының «Жеке құрылыс компаниялары арқылы тұрғын үй құрылысын ынталандыру» бағыты бойынша қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: «Қостанай қаласы, Юбилейный шағын ауданында орналасқан БЖ бойынша №37, №38 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы», нысан коды 1207.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 29.03.2018 ж.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 173 750 теңге, «таза» әрлеуде.
Жайлылық класы: III
Пәтер саны: 100,
Пәтер түрі 1, 1-¬бөлмелі: 34 пәтер, ең жоғарғы ауданы 34,28 ш.м.
Пәтер түрі 2, 2-¬бөлмелі: 30 пәтер, ең жоғарғы ауданы 52,65 ш.м.
Пәтер түрі 3, 2-¬бөлмелі: 10 пәтер, ең жоғарғы ауданы 56,0 ш.м.
Пәтер түрі 4, 2¬-бөлмелі: 10 пәтер, ең жоғарғы ауданы 64,43 ш.м.
Пәтер түрі 5, 3-бөлмелі: 10 пәтер, ең жоғарғы ауданы 65,53 ш.м.
Пәтер түрі 6, 3-бөлмелі: 6 пәтер, ең жоғарғы ауданы 79,36 ш.м.
Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 29.09.2018 ж. бастап 25.10.2018 ж. дейін (қоса алғанда).
Балдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 26.10.2018 ж.
Өтінішті Банктің baspana.kz интернет-ресурсында арқылы беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген балдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Банк салымшылары Объектіге және оның әрі қарай жүзеге асырылуына дауыс береді.
Алдын-ала тұрғын үй займын алуға өтінішті тапсыру, өтініш тапсырушының тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдап алынған пәтер бағасынан кемінде 20% болған жағдайда ғана мүмкін.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл-орталығына 300 (ұялы телефон арқылы тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру