Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Ақтөбе қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

Ақтөбе қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

30 января 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Нұрлы жер» Бағдарламасының «Жекеменшік құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру» бағыты бойынша қосымша байқау туралы хабарлайды (әрі қарай - Бағдарлама).

Нысан: «Ақтөбе қаласы, Кобозев көшесі, №12 үй» мекенжайында орналасқан 5 қабатты тұрғын үй.
Құрылыстың аяқталу мерзімі: желтоқсан 2017 ж.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 145 000,00 теңге.
Жайлылық класы: III

Пәтер саны: 25, оның ішінде:
1-бөлмелі пәтер түрі: 4 пәтер, жалпы ауданы 39,60 – 41,80 шаршы метр,
2-бөлмелі пәтер түрі: 3 пәтер, жалпы ауданы 57,70 – 59,30 шаршы метр,
2-бөлмелі пәтер түрі: 2 пәтер, ең жоғарғы аудан 65,10 шаршы метр
3-бөлмелі пәтер түрі: 16 пәтер, жалпы ауданы 78,6 – 82,7 шаршы метр,

Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 09.02.2018ж. - 19.02.2018ж.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 20.02.2018ж.
«Нұрлы жер» Бағдарламасының «Жекеменшік құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру» бағыты бойынша конкурска қатысу үшін өтініш білдірушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге болуы керек
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинет/Интернет-банк» беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Алдын-ала тұрғын үй займын алуға өтініш білдіру таңдалған пәтер құнынан кемінде 30% өтініш білдірушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында болған жағдайда ғана мүмкін.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл-орталығына 300 (ұялы телефон арқылы тегін) номері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру