Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Ақтөбе қаласында «Нұрлы жер» Бағдарламасы бойынша дауыс берудің басталғаны туралы

Ақтөбе қаласында «Нұрлы жер» Бағдарламасы бойынша дауыс берудің басталғаны туралы

6 марта 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу» бағыты бойынша «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды (әрі қарай - ЖАО) (әрі қарай - Бағдарлама).
Нысан: Ақтөбе қ., "Нұр-Ақтөбе" тұрғын массиві, 1 шағын аудан, №36 үй мекенжайында орналасқан 4 қабатты тұрғын үй.
Құрылыстың аяқталу мерзімі: желтоқсан 2017 ж.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 120 000,00 теңге «таза» әрлеуде
Жайлылық класы: IV
Пәтер саны: 48, оның ішінде:
1-бөлмелі пәтер түрі: 16 пәтер, ең жоғарғы аудан 42,8 шаршы метр
2-бөлмелі пәтер түрі: 16 пәтер, ең жоғарғы аудан 59,9 шаршы метр
3-бөлмелі пәтер түрі: 16 пәтер, ең жоғарғы аудан 69,9 шаршы метр
Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 07.03.2018ж. - 19.03.2018ж.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 20.03.2018ж.

Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинет/Интернет-банк» беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Банк салымшылары Объектіге және оның әрі қарай жүзеге асырылуына дауыс береді.
Объектіде тұрғын үйдің кемінде 50% ЖАО кезекте тұрған азаматтар арасында таратылады.
Қатысуға өтініш берген немесе біліктіліктен өткен, ЖАО кезекте тұрған азаматтар саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшылары қатарынан басқа өтініш берушілер арасында таратылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл-орталығына 300 (ұялы телефон арқылы тегін) номері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру