Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі - Банк) іріктеуден өту (кредит төлеу қабілетін бағалау) қажеттілігі туралы хабарлайды.
Нысан: Қазақстан, Павлодар облысы, Ақсу қаласы Дөнентаев көшесі, 46 мекенжайында орналасқан " Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Дөнентаев көшесі, 46 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы".
Тұрғын үйдің «таза» әрленгендегі 1 ш.м. бағасы 160 000 теңге.
Пәтерлер саны: 39.
Пәтер түрі 4: 16 пәтер, ең үлкен ауданы 101,8 ш.м.,
Пәтер түрі 3: 12 пәтер, ең үлкен ауданы 91,2 ш.м.,
Пәтер түрі 3: 11 пәтер, ең үлкен ауданы 86,7 ш.м.,
Іріктеу (кредит төлеу қабілетін бағалау) мерзімі: 15.01.2024 ж. бастап 02.02.2024 ж. дейін
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 15.01.2024 ж. бастап 07.02.2024 ж. дейін
Тұрғын үйлерді бөлу күні: 08.02.2024 ж.
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, іріктеуге (төлем қабілеттілігін бағалауға) арналған құжаттар тізбесімен, сонымен қатар, ғимараттың қасбеттерінің суреттерімен және пәтерлердің жайғасымын Банктің www.hcsbk.kz және/немесе Otbasybank.kz интернет-ресурсында танысып көруге болады.
Іріктеу мерзімі аяқталғаннан кейін Банк іріктеуге арналған құжаттарды қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!