Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі - Банк) іріктеуден өту (кредит төлеу қабілеттілігін бағалау) қажеттілігі туралы хабарлайды.
Нысандар: Қазақстан, Павлодар облысы, Ақсу қаласы Дөнентаев көшесі, 46 мекенжайында орналасқан " Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Дөнентаев көшесі, 46 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы".
Тұрғын үйдің 1 ш.м. құны: "таза" әрлеуде: 160 000 теңге.
Пәтер саны: 81
Пәтер түрі 4: 27 пәтер, максималды көлемі 101,8 ш.м.
Пәтер түрі 3: 27 пәтер, максималды көлемі 91,2 ш.м.
Пәтер түрі 3: 27 пәтер, максималды көлемі 86,7 ш.м.
Іріктеу (кредит төлеу қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 01.11.2023 ж. бастап 22.11.2023 жылға дейін.
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 01.11.2023 ж. бастап 28.11.2023 жылға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 29.11.2023 ж.
Тұрғын үйлерді бөлу тәртібімен, іріктеуге (төлем қабілеттілігін бағалауға) қажет құжаттар тізбесімен, сондай-ақ ғимарат қасбетінің фотосуреттерін және пәтерлердің/жеке тұрғын үйлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz және/немесе Otbasybank.kz интернет-ресурсынан танысып көруге болады.
Іріктеуге арналған құжаттарды Банк іріктеу мерзімі өтіп кеткеннен кейін қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!