Құрметті, салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) іріктеуден өту (кредит төлеу қабілеттілігін бағалау) қажеттілігі туралы хабарлайды.
Нысан: "ШҚО, Семей қ. «Карагайлы» тұрғын ауданы көшесінде орналасқан 9 қабатты, 72 пәтерлі тұрғын үйі, №85 үй , 1735 коды", Семей қ., «Карагайлы» тұрғын ауданы мекенжайы бойынша орналасқан.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: "таза" әрлеудегі 160 000 теңге
Іріктеу (кредит төлеу қабілеттілігін бағалау) мерзімі: жылғы 14.01.2022 ж. бастап 20.01.2022 жылға дейін.
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 14.01.2022 ж. бастап 25.01.2022 жылға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 26.01.2022 жылы.
Тұрғын үйлерді бөлу тәртібімен, іріктеуге (төлем қабілеттілігін бағалауға) қажет құжаттар тізбесімен, сондай-ақ, ғимарат қасбетінің фотосуреттерін және пәтерлердің/жеке тұрғын үйлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің Otbasybank.kz.интернет-ресурсынан толығырақ танысуға болады.
Іріктеуге арналған құжаттарды Банк Іріктеу мерзімі өтіп кеткеннен кейін қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!