"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк)Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде іріктеуден (кредит қабілеттілігін бағалаудан) өту қажеттігі туралы хабарлайды.
Нысан: «№44 А көппәтерлі тұрғын үй», объектінің коды 3008, Абай облысы, Семей қ., Қарағайлы т.а., 44 А үй мекен-жайы бойынша орналасқан.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 200 000 теңге.
Пәтер саны: 54.
Пәтер түрі 1: 1-бөлмелі, 9 пәтер, ең жоғарғы ауданы 36,75 ш.м.
Пәтер түрі 2: 2-бөлмелі, 27 пәтер, ең жоғарғы ауданы 54,31 ш.м.
Пәтер түрі 3: 3-бөлмелі, 9 пәтер, ең жоғарғы ауданы 69,47 ш.м.
Пәтер түрі 4: 4-бөлмелі, 9 пәтер, ең жоғарғы ауданы 82,19 ш.м.
Іріктеу (кредит төлеу қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 16.10.2023 жылдан бастап 03.11.2023 жылға дейін.
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 16.10.2023 жылдан бастап 06.11.2023 жылға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 07.11.2023 жыл
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, іріктеуге (кредит қабілеттілігін бағалауға) арналған құжаттар тізбесімен танысуға, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің/жеке тұрғын үйлердің орналасуын Otbasybank.kz. жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады
Іріктеу мерзімі өткеннен кейін Банк іріктеуге арналған құжаттарды қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!