Іріктеудің басталатыны туралы хабарландыру
Құрметті, салымшылар!
«Отбасы Банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) іріктеуден өту (кредит төлеу қабілеттілігін бағалау) қажеттілігі туралы хабарлайды.
Нысан:, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесінің соңындағы ірі панелді тұрғын үй құрылысы, 17 жер телім, 9 белгі, объектінің коды 1826. Орналасқан мекен-жайы: Қазақстан, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, 15 шағын аудан.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: "таза" әрлеудегі 118 000 теңге
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 7 пәтер, ең жоғарғы аудан 57,19 шаршы метр;
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 6 пәтер, ең жоғарғы аудан 62,9 шаршы метр.
Іріктеу (кредит төлеу қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 2021 жылдың 28 желтоқсанынан бастап 2022 жылдың 24 қаңтарына дейін.
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 2021 жылдың 28 желтоқсанынан бастап 2022 жылдың 27 қаңтарына дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 28 қаңтар 2022 жыл.
Тұрғын үйлерді бөлу тәртібімен, іріктеуге (төлем қабілеттілігін бағалауға) қажет құжаттар тізбесімен, сондай-ақ, ғимарат қасбетінің фотосуреттерін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz және/немесе Otbasybank.kz интернет-ресурсынан танысып, көруге болады.
Іріктеуге арналған құжаттарды Банк Іріктеу мерзімі өтіп кеткеннен кейін қабылдамайды.