Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі - Банк) іріктеуден өту (кредит төлеу қабілеттілігін бағалау) қажеттілігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Костанай қаласы, "Қонай" шағын ауданының 82-ші кварталында бес қабатты № 2 тұрғын үйдің құрылысы», нысан коды 1672.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.
Пәтер саны: 45,
Пәтер түрі 1, 1-бөлмелі: 15 пәтер, ең жоғарғы ауданы 43,24 ш.м.
Пәтер түрі 2, 2-бөлмелі: 15 пәтер, ең жоғарғы ауданы 60,24 ш.м.
Пәтер түрі 3, 3-бөлмелі: 15 пәтер, ең жоғарғы ауданы 79,61 ш.м.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 2023 жылдың 27 қазаннан бастап 2023 жылғы 16 қарашаға дейін.
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 2023 жылдың 27 қазаннан бастап 2023 жылдың 21 қарашаға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 22 қараша 2023 ж.
Тұрғын үйлерді бөлу тәртібімен, іріктеуге (төлем қабілеттілігін бағалауға) қажет құжаттар тізбесімен, сондай-ақ ғимарат қасбетінің фотосуреттерін және пәтерлердің/жеке тұрғын үйлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz және/немесе Otbasybank.kz интернет-ресурсынан танысып көруге болады.
Іріктеуге арналған құжаттарды Банк іріктеу мерзімі өтіп кеткеннен кейін қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!