Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында "ЖАО-да кезекте тұрғандар арасынан аз қамтылған отбасыларға кредит беру" (Бақытты отбасы) бағыты бойынша іріктеуден (кредит қабілеттілігін бағалаудан) өту қажеттігі туралы хабарлайды.
Нысан: "Қызылорда қ., СПМК-70/4 тұрғын кварталында орналасқан 40-пәтерлі №11 үй. Ғимарат - 5 қабатты. Қазақстан, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, СПМК-70/4 тұрғын кварталы, №11 үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы: «таза» әрлеумен 160 000 теңге.
Пәтер саны: 40.
Пәтер түрі 1, 2 бөлмелі : 20 пәтер, ең үлкен аумағы 58,48 ш.м
Пәтер түрі 2, 3 бөлмелі : 20 пәтер, ең үлкен аумағы 67,62 ш.м
Іріктеу (кредит қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 23.05.2023 жылдан бастап 05.06.2023 жылға дейін;
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 23.05.2023 жылдан бастап 08.06.2023 жылға дейін;
Тұрғын үйді бөлу күні: 09.06.2023ж.
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, іріктеуге (кредит қабілеттілігін бағалауға) арналған құжаттар тізбесімен танысуға, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің/жеке тұрғын үйлердің орналасуын Otbasybank.kz. жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады
Іріктеу мерзімі өткеннен кейін Банк іріктеуге арналған құжаттарды қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!