Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде "Жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарды беру арқылы әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді сату" бағытына іріктеуден (кредит қабілеттілігін бағалаудан) өту қажеттігі туралы хабарлайды.
Нысан №3047: "Қызылорда қ., СПМК-70/2 тұрғын кварталында орналасқан 50-пәтерлі №8 үй. Ғимарат - 5 қабатты. Қазақстан, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, СПМК-70/2 тұрғын кварталы, №8 үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы: «таза» әрлеумен 180 000 теңге.
Пәтер саны: 50.
Пәтер түрі 1, 2 бөлмелі : 20 пәтер, ең үлкен аумағы 58,49 ш.м
Пәтер түрі 2, 3 бөлмелі : 30 пәтер, ең үлкен аумағы 72,9 ш.м
Іріктеу (кредит қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 11.10.2023 жылдан бастап 01.11.2023 жылға дейін;
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 11.10.2023 жылдан бастап 07.11.2023 жылға дейін;
Тұрғын үйді бөлу күні: 08.11.2023ж.
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, іріктеуге (кредит қабілеттілігін бағалауға) арналған құжаттар тізбесімен танысуға, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің/жеке тұрғын үйлердің орналасуын Otbasybank.kz. жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады
Іріктеу мерзімі өткеннен кейін Банк іріктеуге арналған құжаттарды қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!