Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасының ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша байқау туралы хабарлама

Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасының ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша байқау туралы хабарлама

21 декабря 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Нұрлы жол» бағдарламасының ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша байқау туралы хабарлайды. Нысан: «Кредиттік тұрғын үй» коды 377, орналасқан мекенжайы: Қарағанды қ., «Панель центр» шағын ауданы, №2 үй мекенжайы бойынша орналасқан.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: қараша 2017 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: ІІІ
Пәтер саны: 7
Пәтер түрі 1А: 7 пәтер, ең үлкен ауданы- 41, 9 ш.м.
Қатысуға өтініш қабылдау мерзімі «Нұрлы жол» бағдарламасына: 25.12.2017 ж. бастап 11.01.2018 ж. дейін
Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 12.01.2018 ж.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігі): 17.01.2018 ж. бастап 26.01.2018 ж. дейін
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 17.01.2018 ж. бастап 31.01.2018 ж. дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 01.02.2018 ж.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.












О дополнительном конкурсе
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру