Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) I кезекте «Жағалау-4» ТК жобасына қатысу үшін өтініштер қабылдайтынын хабарлайды (Астана қ.).
Нысан: «Жағалау-4» тұрғын үй, Полигон №1 (бірінші кезек блок-секция 1-7)», Астана қаласы, Есіл ауданы, Е11 көшесінде (Ш.Бейсеков көшесі, Сығанақ көшесінің өң жағында) мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 30.05.2016 ж.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы : 185 000,00 «таза» әрлеудегі теңге.
Жайлылық класы: III
Пәтер саны: 284, оның:
1-бөлмелі пәтер түрі: 145 пәтер,
2-бөлмелі пәтер түрі: 139 пәтер.
I кезекте «Жағалау-4» ТК жобасына қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі (Астана қ.): 30.05.2016 ж. бастап 12.06.2016 ж. дейін.
Баллдарды есептеу күні: 13.06.2016 ж.
Төлем қабілеттілігін бағалаудың бағдарлы мерзімі: 16.06.2016 ж. бастап 11.07.2016 ж. дейін.
Өтініштерді Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында «Клиенттің жеке кабинетінде» беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында орналасқан тұрғын үй құрылыс жинақ Шартының Жалпы талаптарына қосылған Банк салымшыларынан ғана қабылданады..
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында құрылыс нысанының сипаттамасымен толығырақ танысуға, әсіресе, ғимараттың қасбетін және пәтерлердің жобалануын көруге болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!