Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына (әрі қарай - Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: «Шымкент қаласы Тұлпар мөлтек ауданында 3 және 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер комплексінің құрылысы (бірінші кезегі) (түзету) (№1 үй, №2 үй, №3 үй, №4 үй,сыртқы инженерлік желілерсіз)», Шымкент қ. Қаратау ауданы «Тұлпар» мөлтек ауданы мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: қаңтар 2018 жыл.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 174 854 теңге.
Жайлылық класы: 4
Пәтер саны: 280
Пәтер түрі 1: 35 пәтер, ең жоғарғы аудан 33,14
Пәтер түрі 2: 35 пәтер, ең жоғарғы аудан 45,52
Пәтер түрі 3: 140 пәтер, ең жоғарғы аудан 54,45
Пәтер түрі 4: 70 пәтер, ең жоғарғы аудан 69,68
Бағдарламаға қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2016 жылғы 10.11 бастап 10.12.2016ж. дейін
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 12.12.2016ж.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банк салымшылары Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беру арқылы Нысанды іске асыруға келісу үшін дауыс береді. Нысанды келісу кезінде, салымшылардың өтініштері әрі қарай Бағдарламаға қатысу үшін қабылданады. Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшылардың өтініштерінің саны Нысанды келісу үшін өтініштерді қабылдауды аяқтау күніне дейін Банкке жеткілікті түрде берілмесе, берілген өтініштердің автоматты түрде күші жойылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Банктің Байланыс-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!