Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына (әрі қарай - Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: «ШҚО, Семей қаласы, Қарағайлы тұрғын ауданында, №2, 3, 4 орналасқан үш үй», ШҚО, Семей қ., Қарағайлы тұрғын ауданы, №2, 3, 4 үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 31.12.2016 жылы.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 147 589 теңге.
Жайлылық класы: 4
Пәтер саны: 243,
Банк желісі бойынша пәтерлер саны 243, олардың:
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 162 пәтер, ең жоғарғы аудан 52,0 - 53,92 ш.м.,
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 81 пәтер, ең жоғарғы аудан 69,47 - 70,73 ш.м.
Бағдарламаға қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 09.11.2016 жылдан бастап 08.12.2016 жылға дейін
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 09.12.2016 жылы
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банк салымшылары Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беру арқылы Нысанды іске асыруға келісу үшін дауыс береді. Нысанды келісу кезінде, салымшылардың өтініштері әрі қарай Бағдарламаға қатысу үшін қабылданады. Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшылардың өтініштерінің саны Нысанды келісу үшін өтініштерді қабылдауды аяқтау күніне дейін Банкке жеткілікті түрде берілмесе, берілген өтініштердің автоматты түрде күші жойылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Банктің Байланыс-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!