Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы

«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы

8 декабря 2016
Құрметті салымшылар !

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына (әрі қарай - Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: «Шығыс Қазақстан Облысы, Өскемен қаласы, Жоғарғы Магистраль көшесі бойынша орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үй».
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2017 жылдың қараша айы
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы : 162 827 «таза» әрлеудегі теңге
Жайлылық класы: ІІІ
Пәтер саны: 162
1-бөлмелі пәтер түрі: 27 пәтер, максималды көлемі – 49,18 ш.м.,
2-бөлмелі пәтер түрі: 90 пәтер, максималды көлемі – 60,86 ш.м.
3-бөлмелі пәтер түрі: 27 пәтер, максималды көлемі – 80,67 ш.м.
4-бөлмелі пәтер түрі: 18 пәтер, максималды көлемі – 84 ш.м.

Жобаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 2016 жылдың 09 желтоқсанынан бастап 22 желтоқсанына дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу)(нысанды келіскен жағдайда): 23 желтоқсан 2016 жыл

Банк салымшылары Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беру арқылы Нысанды іске асыруға келісу үшін дауыс береді. Нысанды келісу кезінде, салымшылардың өтініштері әрі қарай Бағдарламаға қатысу үшін қабылданады. Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшылардың өтініштерінің саны Нысанды келісу үшін өтініштерді қабылдауды аяқтау күніне дейін Банкке жеткілікті түрде берілмесе, берілген өтініштердің автоматты түрде күші жойылады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Банктің Байланыс-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.


Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру