Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Бәйтерек Девелопмент» АҚ арқылы іске асырылатын кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы жол» Бағдарламасына қосымша байқау туралы хабарлама

«Бәйтерек Девелопмент» АҚ арқылы іске асырылатын кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы жол» Бағдарламасына қосымша байқау туралы хабарлама

22 августа 2018
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) «Бәйтерек Девелопмент» АҚ арқылы іске асырылатын кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы жол» Бағдарламасына (әрі қарай -Бағдарлама,) бағыты бойынша қосымша байқау туралы хабарлайды.

Нысан: «Шымкент қаласы, Қаратау ауданы 192-ші орам, 359 жер теліміндегі (2-ші кезек, 9 қабатты №359/27, №359/29, №359/34, №359/45,тұрғын үйлер ) тұрғын үйлердің құрылысы», Шымкент қ. Қаратау ауданы «Тұран» мөлтек ауданы мекенжайы бойынша орналасқан.

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: сәуір 2018 жыл.

Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 183 487 теңге.
Жайлылық класы: 3
Пәтер саны: 186
Пәтер түрі 1: 60 пәтер, ең жоғарғы аудан 42,0
Пәтер түрі 2: 126 пәтер, ең жоғарғы аудан 60,6
Бағдарламаға қатысуға  өтініш қабылдау мерзімі: 2018 жылғы  23.08 бастап  06.09.2018ж. дейін
Баллдарды есептеу күні  (Үміткерлерді таңдау): 07.09.2018ж.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігі): 10.09.2018 ж. бастап 21.09.2018 ж. дейін
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 10.09.2018 ж. бастап 27.09.2018 ж. дейін
Тұрғын  үйді бөлу күні: 28.09.2018ж.
Өтінішті Банк филиалына немесе Банктің  www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте»  беруге болады.Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің  иеленген баллдары мен  кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге  болады.

Бөлу тәртібі Банктің  www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

Іріктеу үшін құжаттар тізімі (төлемқабілеттілігін бағалау) Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.  

Құжаттар  Шымкент қ. Рысқұлбеков көшесі 3Г және Шымкент қ. Тауке хан даңғылы 49 мекенжайында орналасқан Банк филиалында қабылданады.  Қосымша сұрақтарыңыз туындап жатырса, Банктің  Байланыс-Орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.


Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру