Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Атырау қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде дауыс берудің басталғандығы туралы

Атырау қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде дауыс берудің басталғандығы туралы

18 сентября 2017
Құрметті салымшылар !

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Жергілікті атқару органдары арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс берудің басталғандығы туралы хабарлайды.

Нысан: «Атырау қаласы, Береке ықшам ауданы, 0,8 га уч.» мекенжайы бойынша орналасқан 45 және 60 пәтерлік тұрғын үй, №3, №4 айқындама», нысан коды – 413.

Құрылыстың аяқталуының болжамды мерзімі: 2017 жылдың желтоқсан айы.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 140 000 теңге.
Жайлылық класы: 3 класс.
Пәтер саны: 105
Пәтер типтері: 1 бөлмелі: 15 пәтер, максималды ауданы - 45,31 ш.м.
2 бөлмелі: 35 пәтер, максималды ауданы – 63,91 ш.м.
3 бөлмелі: 55 пәтер, максималды ауданы – 83,83 ш.м.
Қатысуға өтініш беру мерзімі: 2017 жылғы 25 қыркүйектен бастап 25 қазанға дейін (қоса алғанда).
Нысан келісілген жағдайда, баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу):
26 қазан 2017 жыл.

Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Жергілікті атқару органдары арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша:
Нысанның 50 %-дан кем емес тұрғын үй ЖАО-да кезекте тұрған азаматтар арасында бөлінеді.
Бағдарламаға қатысуға өтініш берген немесе төлемқабілеттілігін растамаған ЖАО-да кезекте тұрған азаматтардың саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшылары есебінен басқа да Өтініш берушілер арасында бөлінеді.
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатыса отырып, Банк Салымшылары Нысанға және оның одан әрі өткізілуіне дауыс береді. Егерде, өтініш беру мерзімінің аяқталу күніне:
- Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, Нысанды келісілген деп анықтауға салымшылардың қажетті саны дауыс берген жағдайда, берілген өтініштер бойынша баллдар есептеледі;
- Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, салымшылар берген өтінінштердің саны жеткіліксіз болған жағдайда, берілген өтініштердің күші автоматты түрде жойылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша Банктің Колл-орталығына хабарласуыңызға болады.


Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру