Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үйді сатып алушылар пулына қатысу үшін өтініштер қабылданатындығы туралы

Тұрғын үйді сатып алушылар пулына қатысу үшін өтініштер қабылданатындығы туралы

11 октября 2016
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына» қатысу үшін өтініш қабылдайтындығы туралы хабарлайды.

Нысан: «Астана қаласы, Есіл өзенінің оң жақ жағалауындағы жобалық атаулары № 23-31, 23-16, 23-17, 23-30, А98 көшелерінің қиылысындағы ауданда орналасқан 5 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер (Сарайшық –Жұмабаев к-рі). №14 Лот (№3 Лот)» , 14/1, 14/2, 14/3, 14/4, 14/5, 14/6 секциялар.

Құрылыстың аяқталу мерзімі 2016 жылдың қараша айына жоспарланған.

Тұрғын үйдің 1 ш.м. құны: «таза» әрлеуде 120 000 теңге.

Жайлылық сыныбы: IV.

Пәтер саны: 21
Банк желісі бойынша пәтер саны 21, соның ішінде:
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 2 пәтер, ең үлкен ауданы – 42,48 ш.м.
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 9 пәтер, ең үлкен ауданы – 58,43 ш.м.
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 10 пәтер, ең үлкен ауданы – 78,06 ш.м.

Бағдарламаға қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 14.10.2016 ж. бастап 14.11.2016 ж. дейін.
Балл есептелетін күн (үміткерлерді іріктеу): 15.11.2016 ж.

Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 23.11.2016 ж. бастап 23.12.2016 ж. дейін.
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 14.10.2016 ж. бастап 09.01.2017 ж. дейін.
Тұрғын үй бөлінетін күн: 10.01.2017 ж.
Қосымша келісімге қол қою мерзімі: 18.01.2017 г. бастап 31.01.2017 ж. дейін.

Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Интернет-банк» бөлімінде өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.

Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.

Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.

Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында көрсетілген.

Құжаттар Банктің «Астана қ. Сығанақ к-сі, 29 ВП -3» мекен-жайында орналасқан филиалында, немесе «Астана №1 ҚО , Московская к-сі 29 (34 пәтер)», «Астана №2 ҚО, Кенесары к-сі 4», «Астана №3 ҚО, Қажымұқан к-сі, 12а» мекен-жайында қабылданады.

Қосымша сұрақтар туған жағдайда, Банктің Колл-орталығына хабарласуыңызды өтінеміз.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру