Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Құрметті Алматы қаласы салымшылары!

Құрметті Алматы қаласы салымшылары!

20 маусым 2017
Құрметті Алматы қаласы салымшылары!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) «Жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ЖАО) арқылы несиелік тұрғын үйлердің құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау жолымен тұрғын үй құрылысының жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру басталғаны туралы хабарлайды.

Нысан: Алматы қ., Түрксіб ауд., Жас-Қанат ықшам ауданында орналасқан «9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер».

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2017 жылдың қараша айы.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы : 177 330 теңге «таза» әрлеуде.
Жайлылық класы: IV
Пәтер саны: 228
1-бөлмелі: 18 пәтер, максималды ауданы – 39,15 ш.м.
1-бөлмелі: 66 пәтер, максималды ауданы – 44,26 ш.м.
2-бөлмелі: 66 пәтер, максималды ауданы – 65,72 ш.м.
3-бөлмелі: 18 пәтер, максималды ауданы – 74,75 ш.м.
3-бөлмелі: 60 пәтер, максималды ауданы – 87,83 ш.м.
Жобаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 2017 жылдың 19 маусымынан бастап 18 шілдесіне дейін (қоса алғанда).

Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау) (Нысанды келіскен жағдайда) : 2017 жылдың 19 шілде айы.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Нысандағы тұрғын үйлердің 50% -дан кем емес бөлігі ЖАО –ның кезегіндегілерге үлестіріледі.Қатысуға өтініш берген немесе квалификациядан өткен ЖАО-ның кезегіндегілер көлемі жетіспеген жағдайда, баспана Банк салымшылары арасынан өтініш бергендерге үлестіріледі.
Бағдарламаға қатысуға өтініш беру жолымен, Банк салымшылары нысанның өткізілуін ұйғару үшін дауыс береді. Нысанды ұйғару кезінде, салымшылардың берген өтініштері ары қарай бағдарламаға қатысу үшін қабылданады.
Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, егер де Банк өтініштерді қабылдаудың соңғы күніне дейін нысанды ұйғару үшін салымшылардан жеткілікт көлемде өтініш қабылдай алмаса, берілген өтініштер автоматты түрде күшін жояды.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Банктің Байланыс-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру