Құрметті салымшылар!

15 октября 2019
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі-Банк) «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан «Көкшетау қаласы, Сарыарқа шағын ауданы, 15/1 үй, 9 тоғыз қабатты 45 пәтерлік тұрғын үйлердің, позиция 2».
Нысананын орналасуы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сарыарқа шағын ауданы, 15/1 үй.
Құрылыстың аяқталатын жоспарланған мерзімі: желтоқсан 2018.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метр құны «әрлеу» өңінде: 140 000 теңге.
Комфортты класы: 4 класс
Пәтерлер саны:24
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 24 пәтер, 40,0 максималды ауданы
Қатысуға өтінімдерді алу мерзімі: 2019 жылдың 17 қазаннан 2019 жылдың 28 қазанға дейін.
Объектіні бекіткен жағдайда есептеу балл (үміткерлерді іріктеу) күні: 2019 жылдың 29 қазан.
Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген үпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініш тек Банк салымшыларынан қабылданады.

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.

Нысандағы тұрғын үйлердің 50%-ынан кем емесі жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар арасында бөлінеді.

Қатысуға өтініш берген немесе іріктеуден өткен жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандардың саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшыларының ішінен басқа өтініш берушілер арасында бөлінеді.

Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының 20%-ынан кем емес көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинағы болғанда алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беру мүмкін болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ көре аласыздар.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру